Бельгияда мұсылмандар саны артып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бельгияда мұсылмандар саны артып келеді

Бельгияда мұсылмандар саны артып келеді

Бельгияда жүргізілген статистикалық зерттеулерге сүйенсек, 2030 жылға қарай бұл елде мұсылмандардың саны айтарлықтай артады екен. Жарияланған мәліметтерге қарағанда, қазірдің өзінде Бельгиядағы мұсылмандардың үлес салмағы ел тұрғындарының 10 пайызын құрап отыр. Бұл туралы Әзірет Сұлтан мешітінің ресми сайты muslim.kz жазады.

  • 13 Қараша 2012
  • 330
Фото - Caravan.kz

Аталған деректердің өзі католиктік Лувен университетінің теологы, әлеуметтанушы Оливье Сервэнің 2008 жылы жасаған болжамын расқа айналдыра түсуде. Мәселен, оның айтуынша, ислам жамағатының мүддесін қорғайтын партия уақыт өте келе Бельгияның саяси өміріне белсене араласып, сайлау науқаны кезінде өз үміткерлерін ұсынатын болады. Оның осы сөзінен кейін төрт жыл өткен соң, яғни 2012 жылдың қазан айында жергілікті сайлауға Андерлехт атты брюссельдік коммуна кеңесіне «Ислам» партиясының екі өкілі сайланды. Екі өкілдің бірі Редуан Аруш — «Бельгияда шариғат талаптарын енгізу қажет» деп ашық мәлімдеп жүр. Ол: «Бельгия халқы Ислам заңының артықшылықтарын түсінген уақытта ислами мемлекет құруға жол ашылады» — дейді.

О.Сэрвенің қорытындысына сенсек, Брюссельде 15-20 жылдан кейін мұсылмандар көпшілікке айналады. Өзге зерттеушілердің мәліметтері бойынша бүгінгі таңда Брюссель тұрғындарының 22 пайызын мұсылмандар құрайды. 2030 жылға қарай олардың саны 30 пайызға дейін артады.

Соңғы жаңалықтар