Бельгияда ядролық сынақтардың құрбандарына арналған Қазақстанның ескерткіші ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бельгияда ядролық сынақтардың құрбандарына арналған Қазақстанның ескерткіші ашылады

Бельгияда ядролық сынақтардың құрбандарына арналған Қазақстанның ескерткіші ашылады

16 маусымда Бельгияның Ипр қаласында ядролық сынақтардың құрбандарына арналған қазақстандық ескерткіштің ашылу салтанаты өтеді.

  • 13 Маусым 2011
  • 434
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.

Оның хабарлауынша, аталған ескерткіш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Брюссельге жасаған ресми іс-сапары барысында Қазақстан халқының атынан Бельгия Республикасына ресми түрде тапсырылған болатын. Ескерткіш Еуропаның атақты мұражайларының бірі — Бельгиядағы «Фландрия даласы» кешенінде орнатылады.

Салтанаты іс-шараға Қазақстан мен Бельгияның парламентшілері, зиялы қауым өкілдері қатысады.

Соңғы жаңалықтар