Бельгияның Ипр қаласында ядролық сынақтардың құрбандарына арналған қазақстандық ескерткіштің ашылуы әлем үшін маңызды оқиға - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бельгияның Ипр қаласында ядролық сынақтардың құрбандарына арналған қазақстандық ескерткіштің ашылуы әлем үшін маңызды оқиға

Бельгияның Ипр қаласында ядролық сынақтардың құрбандарына арналған қазақстандық ескерткіштің ашылуы әлем үшін маңызды оқиға

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары тұңғыш рет жаппай қырып-жоятын қару қолданылған Бельгияның Ипр қаласында ядролық сынақтардың құрбандарына арналған Қазақстан ескерткішінің ашылуы Қазақстан мен Еуропа үшін де,

  • 24 Маусым 2011
  • 546
Фото - Caravan.kz

бүкіл әлем үшін де өте маңызды оқиға. Еуропалық Парламент депутаты Струан Стивенсон Брюссельде қазақстандық журналистерге берген сұхбатында осылай деді.

Аталған ескерткіштің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың былтыр қазан айында Брюссельге жасаған ресми іс-сапары барысында Қазақстан халқының атынан Бельгия Республикасына ресми түрде тапсырылғанын еске салған депутат, «Барлық әлемдегі ядролық сынақтардың құрбандарын еске алуға арналған ескерткіш Бельгия және Еуропа халқына тарту етілді. Және бұл кездейсоқ емес, себебі Қазақстанның өзі ядролық сынақтарды бастан кешірген. Семей ядролық сынақ полигонында жасалған 500-ге жуық ядролық жарылыс елдің табиғатына да, халқының денсаулығына да қатты әсер еткен», деді еуродепутат өз сөзінде.

Бұл ескерткіштің Бельгияның Ипр қаласында ашылуының да өзіндік сыры бар. Себебі Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде, сонау 1915 жылы дәл осы қалада алғаш рет жаппай қырып-жоятын қару қолданылған. «Бұл қала Семеймен тағдырлас. Сондықтан да Қазақстанның ескерткішінің Ипрде ашылуының маңызы зор», — дейді С.Стивенсон.

16 маусымда Бельгияның Ипр қаласында ядролық сынақтардың құрбандарына арналған қазақстандық ескерткіштің ашылу салтанаты өткенін ҚазАқпарат бұған дейін хабарлаған болатын.