Бельгияның түркітілдес халықтарының өкілдері Наурыз мейрамын атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
0 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бельгияның түркітілдес халықтарының өкілдері Наурыз мейрамын атап өтті

Бельгияның түркітілдес халықтарының өкілдері Наурыз мейрамын атап өтті

Жексенбі, 27 наурызда Бельгияның түркітілдес халықтарының өкілдері Наурыз мейрамын атап өту үшін Брюссельге келді.

  • 28 Наурыз 2011
  • 551
Фото - Caravan.kz

«Арман» белгиялық Қазақстан халқы қауымдастығының төрайымы Айнұр Қасенова атап өткендей, Наурыз — осы уақытқа дейін өзінің дәстүрлі жоралғылары мен нышандарын сақтап қалған ежелгі мерекелердің бірегейі. «Іс-шараның басты мақсаты — ортақ дәстүр біріктірген халықтарды бір арнаға тоғыстыру, осы арқылы олардың өз салты мен дәстүріне жақын болуын, Қазақстандағы өз отандастарымен бір рухта, ынтымақта болуына қолдау көрсету», — деді ол.

А.Қасенованың айтуынша, мейрамға Бельгияда тұрып жатқан барлық дерлік түркітілдес халықтардың өкілдері — қазақтар, қырғыздар, өзбектер, татарлар, түріктер, әзірбайжандар мен ұйғырлар келді.