Белгородта 11 жылдан бері іздеуде жүрген алматылық қылмыскер қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгородта 11 жылдан бері іздеуде жүрген алматылық қылмыскер қолға түсті

Белгородта 11 жылдан бері іздеуде жүрген алматылық қылмыскер қолға түсті

Қарақшылық үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматы көптеген жылдар бойы Ресейде жасырынып жүрген,

  • 6 Қараша 2012
  • 237
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды Алматы ІІД баспасөз қызметі. Нақтырақ айтқанда, қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен 11 жыл бұрын іздеу жарияланған 34 жастағы алматылық азамат. 2001 жылдың тамызында ол күндіз бизнесменнің пәтеріне шабуыл жасап, оны соққыға жығып, 31 мың долларын алып кеткен.

«Біздің мәліметтер бойынша Е. есімді азамат осы қылмыстық топта негізгі рөлдерді атқарып отырған. Қылмыскерді іздестіру шаралары біздің қызметкерлер мен Алматының Криминалдық полиция басқармасының криминалдық іздестіру бөлімін ресейлік Белгородқа алып келді. Бұл жерде ол жалған құжаттармен жасырынып жүрген. Осы жылдары күдікті отбасын да құрып үлгерген екен. Қазіргі кезде Минск конвенциясына сәйкес аталған азаматты Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде»,-деді Медеу ауданының ІІБ бастығы Бақыт Қасабеков.

Қазіргі кезде 11 жыл бұрынғы қарақшылық шабуыл фактісі бойынша тергеу амалдары қайта жанданды. Ұсталған күдікті өзінің әрекеттерін мойындайтындығы жайындағы мәліметтерді беріп те жатыр.

Соңғы жаңалықтар