«Белінен құшақтап, сүйем деген»: 11 жастағы қызды аймалаған алматылық курьердің масқарасы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Белінен құшақтап, сүйем деген»: 11 жастағы қызды аймалаған алматылық курьердің масқарасы шықты

«Белінен құшақтап, сүйем деген»: 11 жастағы қызды аймалаған алматылық курьердің масқарасы шықты

Алматыдағы ойын-сауық орталықтарының бірінде жасөспірім қызға тиіскен курьердің масқарасы шықты.

  • 4 Қыркүйек 2023
  • 5416
Фото - Caravan.kz

Ол жасөспірімді белінен құшақтап, оған тиіспек болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Келеңсіз жайт жайлы "Не молчи" қоғамдық қоры хабарлады. Белгілі болғандай, анасы жасөспірім қызды сауда орталығына құрбысының туған күні үшін әкелген.

"Қызға курьер келіп, белінен ұстап, мопедте серуендеуге шақырған. Ол басқа орындыққа отырған, ана жігіт тағы да тиісе бастаған. Сосын ол өзі кетіп қалған. Иә, ұятты ештеңе жасамаған. Бірақ, 11 жастағы қызға үлкен ер адам келіп: «Мен сені сүйемін, жүр кеттік менімен бірге» деп тұрса, не дер едіңіз? Жасөспірім анасына хабарласып, жылаған. Анасы осы оқиға жайлы бәріне мәлімдеп, полицияға жүгінген. Ол курьер әлі күнге дейін түк болмағандай жұмыс істеп, балалары бар үйлерге кіріп жүрген шығар. Үй иелері ештеңеден күмәнданбастан оған есіктерін ашып жүр. Ал ол әлі еш жауапкершілікке тартылмай өзінің сұрқия ойларын іске асырып жүрген болар», — деп жазды қор басшысы Дина Таңсәрі.

Аталған оқиға бойынша полиция әлі ресми пікір білдірмеді.