Жарияланды: 410

Белкөл округінің ауызсу жүйесін жаңартуға 322,5 млн. теңге қаржы жұмсалғалы отыр

Қызылорда қалалық әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарайтын Белкөл кентінің ауыз су және кәріз жүйесі толықтай жаңарту үшін бюджеттен 322,5 млн. теңге қаржы қарастырылып отыр.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Бұл ақшаның 301,3 млн. теңгесін республикалық бюджет беріп отырса, қалған 21,2 млн. теңгесі жергілікті бюджеттің есебінен толтырылды. Жалпы, кентте соңғы ширек ғасырдан бері бұл салада осындай ауқымды жұмыс атқарылмаған екен. Ал жаңа жұмыстардың бас мердігері міндетін «Метро­монтаж» ЖШС атқарады. Ол 17,3 шақырым ауызсу және 2,4 шақырым кәріз жүйесін жаңалайды. Бұдан бөлек, су жинау қоймасы қайта жаңартылып, көтермелі сорғы стансасы мен екі ұңғыма қайта салынады. Жобада қаралған басқа жұмыстар то­лық жасалып біткеннен кейін 3 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекеннің ауызсуға қатысты проблемалары түгел шешіледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін