Белоруссия Қазақстан аумағына сүт өнімдерін шығаратын зауыт салғысы келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белоруссия Қазақстан аумағына сүт өнімдерін шығаратын зауыт салғысы келеді

Белоруссия Қазақстан аумағына сүт өнімдерін шығаратын зауыт салғысы келеді

Белоруссия Қазақстан аумағына сүт өнімдерін өндіретін зауыттар салуды көздейді, деп осы елдің премьер-министрі Михаил Мясникович мәлім етті.

  • 9 Қараша 2012
  • 436
Фото - Caravan.kz

«Аграрлық жобалар, сүт өнімдерін өндіру саласындағы ынтымақтастықтың келешегі зор. Бұл жерге зауыттар салу жоспарымызда бар», — деді ол жұма күні Қазақстанның үкімет басшысымен кездесуден кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Белоруссия премьері «оған толық мүмкіндік бар» деп атап өтті.
Үкімет басшыларының келіссөздері нәтижесінде: Қазақстан-Белоруссия ауыл шаруашылық және коммуналдық техниканың бірлескен индустриалды-технологиялық паркін құру туралы меморандумға; салық заңдарын сақтау туралы хаттамаға; екі елдің ауыл шаруашылық министрліктері арасында орман шаруашылығы саласында ынтымақтастық орнату туралы келісімге қол қойылды.
Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ мен белорустің «Герсис Софтер» ЖШС ынтымақтастық меморандумын бекітті.

Соңғы жаңалықтар