Белсенділер жүкті әйелдерге шылым шегуге заңмен тыйым салуды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белсенділер жүкті әйелдерге шылым шегуге заңмен тыйым салуды сұрады

Белсенділер жүкті әйелдерге шылым шегуге заңмен тыйым салуды сұрады

Бірі мұны әйелдің жеке мәселесі десе тағы біреулер баланың өмір сүру құқығын құрсақтағы сәтінен бастап заңмен қорғауды ұсынды. Олар шылымның кесірінен нәрестенің қалыптасып үлгермеген ағзасының қалай дамымай қалатынына дейін түсіндірген.

«Біздер көзге көрініп қалған баланы ата-анасының қастандығынан қоғаймыз. Неге құрсақтан қорғамасқа? Себебі ертең өмірге мүгедек бала келсе ол қоғамның мәселесіне айналары анық. Ол бала жоқ деге

  • 15 Тамыз 2017
  • 361
Фото - Caravan.kz

«Біздер көзге көрініп қалған баланы ата-анасының қастандығынан қоғаймыз. Неге құрсақтан қорғамасқа? Себебі ертең өмірге мүгедек бала келсе ол қоғамның мәселесіне айналары анық. Ол бала жоқ дегенде ауру тасмалдаушы болады.

Одан қалса дертіне дауа жасатамыз деп ақша жинауға түрткі болады. Анасы жауапкершілікті сезіне алмайды екен, мәжбүрлеуіміз керек»,-деді Айнұр есімді бойжеткен.

«Осындай аналарды түсінбеймін. Ұрпақ тәрбиелейтін құқығы да жоқ. Олар баланы тәрбиелемек түгілі құртып жатыр. Темекі, сыра, арақ тіпті газды сусындарға уақытша тыйым салып тұруға балады гой»,-деп жазды Марат Байжігітов.

«Осы адамдарды түсінбеймін. Бұл әйелдің өміріне неге араласасыздар. Ол өзі біледі. Сіздердің жеке шаруаларыңызға ешкімді араластырғыларыңыз келмейді гой? Бұл да тура солай. Оның күйеуі немесе енесі, туыстары мына видеоны көріп қалып шаңырағы шайқалса қайтесіздер. Қайта сіздер оған мәселе жасап беріп жатырсыздар»,-деп жазды алматылық Анна.


«Қойыңыздар, осыған бола дауласудың қажеті жоқ. Мен темекі мен сыраны ұнатпайтын адаммын. Құрсағыма бала бітісімен сыра ішкім келетін болды. Тоқтаусыз төрт ай іштім. Енем алып беретін. Онсыз тамақ батпайтын.

Балам аман-сау. Дәрігерден сұраған кезімде темекіге де жерік болатын әйелдер барын білдім. Сондықтан мәселені түсінбей жатып дауласудың еш қажеті жоқ»,-дейді екі баланың анасы Сәуле.