"Бен Ладен групп" компаниясы Астанада Есілдің сол жағалауындағы бірқатар нысандардың құрылысын тоқтатуды талап етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бен Ладен групп" компаниясы Астанада Есілдің сол жағалауындағы бірқатар нысандардың құрылысын тоқтатуды талап етеді

"Бен Ладен групп" компаниясы Астанада Есілдің сол жағалауындағы бірқатар нысандардың құрылысын тоқтатуды талап етеді

"Бен Ладен групп" құрылыс компаниясы Астанада Есілдің сол жағалауында салынып жатқан бірқатар нысандардың құрылысын тоқтатуды талап етеді. 18-қарашада ҚР Жоғарғы сотында "Бен Ладен групп" ЖШС-нің Елордасындағы 8 жер учаскесіне қатысты компанияның құқығын мойындамаған Астана қалалық сотының шешіміне қарсы түсірген шағымы бойынша сот мәжілісі өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Қараша 2004
  • 658
Фото - Caravan.kz

Астана қалалық әкімшілігінің ақпаратына сәйкес, 2000-жылы қаланың әкімшілік кеңесі «Бен Ладен групп» ЖШС-іне тұрғын үй және сауда кешендерін, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу үшін Есілдің сол жақ жағалауынан 8 жер учаскесін берген. Алайда, кәсіпорын өзіне жүктелген міндеттемелерді орындаған жоқ. Осыған байланысты Астана қалалық әкімшілігі аталған жер учаскелерін басқа құрылыс компанияларына беруге шешім қабылдады. Нәтижесінде, бұл 8 учаске көптеген жер телімдеріне бөлініп, құрылыс салу мақсатында үлестірілді. Қазір барлық учаскелерде дерлік құрылыс немесе жобалау жұмыстары жүргізілуде. Нысандардың кейбір бөлігі пайдалануға беруге де жақын.

Соған қарамастан, 2004-жылы «Бен Ладен групп» ЖШС учаскелердің қазіргі қожайындарына қарсы құрылыс жұмыстарын тоқтатуды талап етіп Астана қалалық сотына шағым түсірген. Алайда, судья Дариға Құрманова бұл талапты қанағаттандырмады. Сөйтіп, ЖШС қалалық соттың шешіміне қарсы Жоғарғы сотқа шағым түсірді.

Перейти к новостям спорта