"Бен Ладен групп" компаниясының Астанадағы сегіз құрылыс компаниясына қатысты шағымын қарау мерзімі 2005-жылдың 18-қаңтарына шегерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бен Ладен групп" компаниясының Астанадағы сегіз құрылыс компаниясына қатысты шағымын қарау мерзімі 2005-жылдың 18-қаңтарына шегерілді

"Бен Ладен групп" компаниясының Астанадағы сегіз құрылыс компаниясына қатысты шағымын қарау мерзімі 2005-жылдың 18-қаңтарына шегерілді

Сауд Арабиясының "Бен Ладен групп" ЖШС құрылыс компаниясының Астанадағы сегіз құрылыс компаниясының даулы жер учаскелеріндегі жұмысты доғару туралы апелляциялық шағымын қарау мерзімі 2005-жылдың 18-қаңтарына шегерілді. Бұл туралы бүгін, 23-желтоқсанда ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Желтоқсан 2004
  • 457
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Сауд Арабиясының «Бен Ладен групп» ЖШС құрылыс компаниясы Астанадағы Есілдің сол жақ жағалауындағы бірқатар құрылыс нысандарының құрылысын тоқтатуды талап етіп сотқа шағым түсірген. 2000-жылы қаланың әкімшілік кеңесі «Бен Ладен групп» ЖШС-іне тұрғын үй және сауда кешендерін, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу үшін Есілдің сол жақ жағалауынан 8 жер учаскесін берген. Алайда, кәсіпорын өзіне жүктелген міндеттемелерді орындаған жоқ. Осыған байланысты Астана қалалық әкімшілігі аталған жер учаскелерін басқа құрылыс компанияларына беруге шешім қабылдады. Нәтижесінде, бұл 8 учаске көптеген жер телімдеріне бөлініп, құрылыс салу мақсатында үлестірілді. Қазір барлық учаскелерде дерлік құрылыс немесе жобалау жұмыстары жүргізілуде. Нысандардың кейбір бөлігі пайдалануға беруге де жақын.

Ал 2004-жылы «Бен Ладен групп» ЖШС учаскелердің қазіргі қожайындарынан құрылыс жұмыстарын тоқтатуды талап етіп Астана қалалық сотына шағым түсірген. Алайда, сот бұл талапты қанағаттандырмады. Сөйтіп, ЖШС қалалық соттың шешіміне қарсы Жоғарғы сотқа шағым түсірді. Тыңдау барысында сот тараптарға өзара бейбіт келісімге келу мүмкіндітерін қарастыруды ұсынды.

Перейти к новостям спорта