Бенди Халықаралық федерациясының президенті допты хоккейден Алматыда өткен 32-ші әлем чемпионатына жоғары баға берді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бенди Халықаралық федерациясының президенті допты хоккейден Алматыда өткен 32-ші әлем чемпионатына жоғары баға берді

Бенди Халықаралық федерациясының президенті допты хоккейден Алматыда өткен 32-ші әлем чемпионатына жоғары баға берді

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың атына Бенди Халықаралық федерациясының президенті Борис Скрынник пен ұйымның бас хатшысы Бо Ньюменнен алғыс хат келіп түсті,

  • 28 Ақпан 2012
  • 344
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Онда: «Құрметті Ахметжан Смағұлұлы! Допты хоккейдің Халықаралық федерациясы Атқару комитетінің, Алматы қаласында болған ұлттық федерациялар басшыларының атынан 32-ші әлем чемпионатының өте жоғары деңгейде өткені үшін жеке Өзіңізге және қаланың барлық қызмет орындарына шынайы алғысымызды білдіреміз.

Чемпионатқа қатысқан барлық спорттық делегациялар, қонақтар, БАҚ өкілдері қонақжай қалалықтарды, мейірімді, бауырмал волонтерлерді, спорт нысандарының ақжарқын қызметкерлерін ұзақ есте сақтайтын болады. Біз Алматы қаласында өткен Бенди мерекесі Қазақстан Республикасының спорттық өмірінің жарқын саяси оқиғасы болғанын, сонымен қатар бұл спорттық шараның азиялық өңірде допты хоккейді дамытудың басты қозғаушысына айналғанын білеміз», — делінген.

Ал, ұйымның бас хатшысы Бо Ньюмен өз хатында Алматы қаласы мен ғажайып «Медеу» мұз айдынының ерекше ұнағандығын тебірене жазған.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера