Бендиден Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы «А» тобында сайысқа түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бендиден Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы «А» тобында сайысқа түседі

Бендиден Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы «А» тобында сайысқа түседі

29 қаңтар мен 5 ақпан аралығында Алматыда бендиден (допты хоккей) Әлем чемпионаты өтеді.

  • 25 Қаңтар 2012
  • 317
Фото - Caravan.kz

Әлемдік біріншілікте көптеген елдердің ұлттық құрамалары осы сайыста бақтарын сынайтын болады. Жарыс 3 топқа бөлініп өткізіледі. Атап айтқанда, «А» тобында (жоғары лига) — Швеция, Ресей, Финляндия, Қазақстан, Норвегия, АҚШ командалары, ал «В» тобында (2 дивизион) Голландия, Венгрия, Канада, Беларус, Латвия, Монғолия, сондай-ақ «С» тобында Жапония, Қырғызстан, Украина, Литва, Эстония командалары тартысқа түседі.

«А» тобының сайыстары «Медеу» мұзайдынында өтеді. Осы жерде 29 қаңтарда чемпионаттың ашылуы және 5 ақпанда 1-3 орындар үшін ақтық сайыстар ұйымдастырылады. Ал қалған екі топтың жарыстары Алматының Орталық стадионында өткізіледі.

Айта кетейік, «А» тобының барлық матчтары «Қазақстан» мен «Хабар» телеарналарында таратылады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы дәстүрлі түрде «А» тобындағы сайыстарға қатысып келеді. Әлемдік біріншіліктерде еліміздің командасы 3-інші және 4-інші орындарды иеленіп жүр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера