«Қала орталығындағы жағажайда орналасқан «Тибести» отелі Ливия оппозициясы құрған Ұлттық ауыспалы кеңестің штаб-пәтері және баспасөз орталығы ретінде пайдаланылып келген. Онда сонымен бірге елдегі оқиғаларды жарыққа шығаратын көптеген шетелдік журналистер тұрады», — деп хабарлайды Al Jazeera.
ҰАК төрағасының орынбасары Абдель Хафиз Года автокөлікке қол гранатасы лақтырылған болуы мүмкін деп болжауда. Одан болған жарылыс қасында тұрған тағы үш көлікке шарпыған.
Полицейлер жарылысты Ливия басшысы Муаммар Каддафидің агенттері ұйымдастырды деген болжамдар айтуда.