Бензин бағасы бір айда тұрақталады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бензин бағасы бір айда тұрақталады

Бензин бағасы бір айда тұрақталады

Бүгін Энергетика вице-министрі жанармай құнына қатысты болжамын айтты. Ұзақбай Қарабалиннің ойынша,  АИ-92 мен 93 аталған уақытқа дейін 125 теңгенің маңайына кеп тоқтайды. Жалпы, еліміздің жанармай құю бекеттеріндегі жағдай қазірден-ақ белгілі бола бастағандай. Десе де, баға әлі ді сәл құбылып тұр. Бірақ орынсыз қымбатшылыққа жол беретіндерді үкіметтегілер жазалаймыз деп отыр.

  • 10 Қыркүйек 2015
  • 318
Фото - Caravan.kz

Доллардан кейін жанармай бағасының да еркіндікке жіберілгеніне, міне, тура бес күн болды. Содан бері бензин құны АҚШ валютасы іспетті құбылып тұр. Мысалы, Астанананы алсақ, жұрт көп тұтынатын АИ-92 мен 93-тің бағасы жанармай құю бекеттерінің бірінде 119, екіншісінде 125 теңге. Кей жерлерде 130-дан да бар.

Десе де, күннен күнге арзандап келеді. Энергетика вице-министріның айтуынша, бензин бағасының бұлайша құбылуы орынды. Өйткені сұйық отын құнының нарыққа байналысты екені мәлім. Бірақ осылай екен деп жанармай қатты қымбаттайды деу қисынсыз дейді Қарабалин. Яғни алдағы уақытта бензин бағасы көтерілмейтін көрінеді.  

Ұзақбай Қарабалин, ҚР Энергетика вице-министрі:

-Жанармайдың құны енді бір ай ішінде тұрақтауы тиіс. Яғни жұрт көп тұтынатын бензин 125 теңгенің маңайында болады. Кейін Ресей нарығындағы  жағдайға байланысты сәл өзгеруі мүмкін. Бірақ бәрібір 125-тен аспайды.

Бұдан бөлек, Қарабалин бензин бағасы шарықтағалы жұрттың көкейіндегі сауалға жауап берді. Яғни мұнайға бай қазақ елінде жанармай неге қымбаттайды? Оның үстіне қара алтын құны да күннен күнге арзандап жатқанда, мұны қалай түсіндіруге болады?

Ұзақбай Қарабалин, ҚР Энергетика вице-министрі:

-Өзіміздегі зауыттар елімізді бензинмен толық қамтамасыз етпейінше, Ресейдің жанармайына тәуелді боп қала береміз. Сондықтан біздегі жанармай құны мұнайға, емес көрші елдің нарығына байланысты болып тұр.

Ал, осы Ресейден келетін жанармай көлемі ұлғайып жатса, бензин бағасы алдағы қараша, желтоқсан айларында әлдеқайда арзандап қалуы да ғажап емес дейді Қарабалин. Қазірдің өзінде еліміздің қоймаларында 200 мың тонна жанармай бар. Әрі осы қыркүйек айында 110 мың тонна сұйық отын жеткізіледі екен. Сондықтан шенеукіктер бензин тапшылығы болмайды деп сендіруде.

Соңғы жаңалықтар