Бензин бағасы тағы шарықтады! - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бензин бағасы тағы шарықтады!

Бензин бағасы тағы шарықтады!

Бензин бағасы тағы шарықтады! Бүгінде қазақстандықтар жоғары октанды жанаржағармайды 113 теңгеден сатып алуға мәжбүр. Монополистер, осылайша, билік өкілдерінің бұйрығын ескерусіз қалдырды.

  • 12 Шiлде 2011
  • 447
Фото - Caravan.kz

Өзге кәсіпкерлер де ірі бәсекелестің жолын қуып, өнімдерінің бағасын 112 теңгеге дейін көтерді. Шілденің бірінде Мұнай және газ министрлігі тарапынан сатушыларға қатаң талап қойылған. Мұнай өнімдерінің бағасы бір деңгейде бекітілді. Атап айтсақ, жоғары октанды жанар-жағармайдың бір литрі 102 теңгеден, ал дизельді отын 87 теңгеден қымбат болмауы тиіс еді. Қазір, сондай-ақ, АИ-80 маркалы сұйық отынның тапшылығы байқалуда. Жанар-жағармайдың бұл түрі ауылдық жерде үлкен сұранысқа ие. Оның жетіспеушілігі азық-түлік бағасына тікелей ықпал етеді. АИ 92/93 маркалы жанар-жағармайды да жүргізушілердің басым бөлігі қолданады. Сондықтан бір демалыста бағаның бірден 10 пайызға көтерілуі халыққа қатты тиді. Қазір Бәсекелестікті қорғау агенттігі тиісті іс-шараларды қолға алуда. Ал жауапты министрлік басшылығы «Мұнай өнімдерінің жеке түрлерін өндіру мен сатуды мемлекеттік реттеу туралы» заңға сенім артып отыр. 


Сауат Мыңбаев
, ҚР Мұнай және газ министрі:

— Парламент қабылдаған заңға қол қойылғаннан кейін бұл мәселе шешіледі деп ойлаймын.  Егер  шектеулі  баға одан көбірек болатын болса, онда біз шара қолдадануға мүмкіндігіміз  болады.

Соңғы жаңалықтар