Бензин бағасы тағы шарықтай ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бензин бағасы тағы шарықтай ма?

Бензин бағасы тағы шарықтай ма?

Екі-үш күннен бері қаладағы жанармай бекеттерінде бензин қымбаттады.

  • 23 Қаңтар 2020
  • 18
Фото - Caravan.kz

Халықаралық аренада мұнайдың бағасы көтеріліп, елімізде доллар төмендеп жатқанда жанар-жағармайдың шарықтауын сарапшылар қалай түсіндірді? Бұл жайт көлік иелеріне қалай әсер етуде?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.  

"Екі-үш күннен бері Елордада бензиннің бағасы едәуір шарықтады. Нақтырақ айтсақ, халық көп тұтынатын АИ-92 маркалы бензин 3 теңгеге, кейбір жерлерде 6 теңгеге дейін көтеріліп отыр. Мамандардың сөзінше алдағы екі-үш айда баға одан әрі өседі, бірте-бірте 10 теңгеге дейін көтеріледі деп отыр.".     

Мұнай өнімдерінің акциздік бағасы тоннасына 10 500 теңгеден 24 мың 435 теңгеге дейін шарықтап отыр. Бұл дегеніміз құны 2,5 есеге артқан. Сәйкесінше, акциздік бағаның көтерілуі жанар-жағармайдың көтерілуіне алып келеді екен. Бірақ, вице-премьер бензиннің қымбаттауы инфляцияға қатты әсер етпейді деген болатын.     

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары, ҚР Қаржы министрі:
"Бензин бағасы литріне 10 теңгеге өседі деп күтілуде. Бұл шамамен 6 процент. Инфляцияға елеулі әсер етпеуі тиіс, дегенмен бағаның өсуі үнемі күн тәртібінде. Әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру үшін барлық шараны қабылдау қажет".

Қаржы министрі Әлихан Смайылов халықты қанша сендіргенімен, екі үш күннен бері қарапайым тұрғындар жанар-жағармайдың 6 теңгеге дейін қымбаттағанын қалтамыз сезіп жатыр, — дейді. Тіпті, кейбірі енді көліктеріне амалсыз бензинді алмастыратын газ секілді зиянды қондырғыларды орнатқандарын айтып отыр.

"Кәдімгідей қиын. Бензиннің қымбаттағаны. Көбісі сол үшін газға өтеді. Машинаны өлтіреміз сол үшін".
"Енді, қарапайым халыққа ауыр тиеді ғой. Бензиннің қымбаттағаны. Енді, кішкене орташа болса болар еді баға. Енді, әрине қарапайым халыққа қымбат болады".
"Мынау бензиннің қымбаттауы мына жәй қарапайым халыққа қиындау болады. Бірден 6 теңгеге өсіп жатыр. Енді, келешекте қалай болатыны белгісіз. Қалтаға кәдімгідей сезіледі. Әркім өз отбасын асырап отыр дегендей".     
  
Ал, экономист Бауыржан Ысқақов бензин бағасының қымбаттауын қалыпты құбылысқа балап отыр. Себебі, өткен жылы үкімет әлеуметтік саланы қолдау мақсатында бюджеттен 3,5 трлн теңге қаржы бөліпті, сол шығынның орнын толтыру үшін осындай амалға барып отырған көрінеді.  

Бауыржан Ысқақов, экономист:


«Яғни ол деген сөз біздің жалпы бюджеттегі көптеген қаражаттардың әлеуметтік салаға жұмсалуына байланысты. Мұнайдың бағасы өскен кезде, бізде неге баға төмендемейді деген заңды сұрақ туындайтын болса, ол мемлекеттің акциз салықтарын көтеру арқылы әлеуметтік шығындарға кетіп жатқан, бюджет қаражаттарының орнын толтыру деп айтуға болады. Бізде қазірдің өзінде бұл инфляцияның көтеріліп кетуіне әсерін тигізуі мүмкін».             

Мұнымен бензин жыры әлі біткен жоқ. Өткен жылы бұрынғы энергетика министрі Қанат Бозымбаев, 2024-25 жылдары еліміздегі мұнай өнімдерінің бағасы Ресеймен теңеседі деп мәлімдеме жасаған болатын. Ал, сарапшылар мұнымен келіспейді, керісінше біздегі баға көрші елмен бірдей болу үшін, халықтың орташа жалақысын көтеру керек деп есептейді. Бірақ, әзірге бұл пайым ғана. Қалай боларын уақыт көрсетеді.    

Соңғы жаңалықтар