Бензин бағасының өсуі уақытша құбылыс - Энергетика вице-министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бензин бағасының өсуі уақытша құбылыс - Энергетика вице-министрі

Бензин бағасының өсуі уақытша құбылыс - Энергетика вице-министрі

Бензин бағасының өскенімен, алдағы уақытта ұсыныстың артуына қарай отын бағасы төмендейді. Бұл туралы Парламент Сенатында «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымында ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 19 Қазан 2017
  • 169
Фото - Caravan.kz

«Жақында Үкімет отырысында кезекті рет ішкі нарыққа бензинді жеткізу мәселесі талқыланды. Өздеріңіз білесіздер, біздің негізгі мұнай өңдеу зауыттарында тиісті жұмыстар аяқталуға таяп қалды. 2018 жылы мұнай өңдеуді 15 миллион тоннаға жеткізіп, осы арқылы елімізде отын тапшылығын жоюға мүмкіндік жасалады»,-деп тоқталды Жақсалиев.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде нарыққа бензинді жеткізуді тұрақтандыру мақсатында «ҚазМұнайГаз»  Ресейден отынды қажетті көлемді сатып алды. Әрине, РФ-те Қазақстанмен салыстырғанда отын бағасы жоғарылау. Осы орайда ҚМГ тиісті көлемде шығындарға тап болуда.

«Қазіргі кезде бензинге белгілі бір деңгейде бағаның өсуі орын алуда. Бұл тұрғыда 165 теңге (АИ-92 маркалы бензинінің литріне) деңгейінде болады деп пайымдаймыз. Бензин жеткізуде дағдарыстық құбылыстың төмендеуіне қарай, ұсыныс көлемі артып, баға төмендейтін болады»,-деді вице-министр.


Аптаның басында өткен Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қазан-қараша айларында АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 160-161 теңге болуы тиіс екенін айтқан болатын. Мұнан бөлек, министр таяу уақытта елімізде бензин тапшылығы болмайтындығына сендірді.