Бензин экспортын тоқтату мерзімі кейінге шегерілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бензин экспортын  тоқтату мерзімі кейінге шегерілмек

Бензин экспортын тоқтату мерзімі кейінге шегерілмек

Еліміздің жанар-жағар майы қара күзге дейін сыртқа тасымалданбайтын болады. Үкімет бензин экспортына қатысты тыйымды тағы 3 айға ұзартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін  Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев хабарлады.

  • 22 Маусым 2011
  • 384
Фото - Caravan.kz


Енді Үкімет 1 шілдеге дейін  арнайы қаулы қабылдауы тиіс. Себебі осы күні жанармайды сыртқа саудалауға тиым салатын бұған дейінгі қаулының мерзімі аяқталады. Естеріңізге сала кетсек, сәуір айында елішінде жанармай тапшылығы сезіліп, отандық өнімді сыртқа  шығаруға шектеу қойылған болатын. Ондағы басты мақсат – егін себу науқаны кезінде диқандарды қажетті  жанар-жағармаймен қамтамасыз ету еді. «Ауарайының қолайсыздығына  байланысты кей облыстарда егін себу кешіктірілгендіктен,  бензин экспортын тоқтату мерзімі де кейінге шегерілгелі отыр» -деді Сауат Мыңбаев. 

Соңғы жаңалықтар