Бензиннің бағасы көтеріледі - С.Мыңбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бензиннің бағасы көтеріледі - С.Мыңбаев

Бензиннің бағасы көтеріледі - С.Мыңбаев

АҚазақстанда жаңадан бекітілетін бензиннің шекті бағасы өседі.

  • 26 Шiлде 2011
  • 456
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін журналистерге сұхбат берген ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

«Шынымен де, ағымдағы айда Ресей Федерациясындағы мұнай өнімдерінің бағасы күрт көтерілді. Қазақстандағы «Гелиос» сияқты бірқатар жанар-жағармай құю стансалары осы жағдайды пайдаланып, Үкіметтің бензинге бекіткен шекті бағасын көтеріп жіберді. Енді, өткен аптада қабылданған заң Үкіметтің 8 бірдей қаулысынан кейін өз күшіне енеді. Осыдан бастап біз тәртіп бұзғандарға қатысты тиісті шараларды қолдана аламыз. Ал жаңадан бекітілетін шекті бағаға келетін болсақ, шекара ашықтығы мен Ресейдегі мұнай және мұнай өнімдерінің қымбаттауы аясында бензиннің бағасы біршама өседі деген болжам бар. Оның нақты бағасы туралы мен әлі айта алмаймын. Ол 1-2 күннің ішінде белгілі болмақ. Бензиннің шекті бағасын біз бірлескен кеңесте бекітетін боламыз», — деп атап көрсетті С.Мыңбаев.

Соңғы жаңалықтар