Бердібек Сапарбаев әкімдер рейтингісі туралы өз пікірін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бердібек Сапарбаев әкімдер рейтингісі туралы өз пікірін айтты

Бердібек Сапарбаев әкімдер рейтингісі туралы өз пікірін айтты

Әкімдер рейтингісінің пайдасы бар. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлім етті. 

  • 26 Қыркүйек 2014
  • 418
Фото - Caravan.kz

«Рейтингке тоқталатын болсақ, жалпы менің ұстанымым бойынша әрбір көрсеткішке талдау жасаған кезде оның негізі болуы керек. Әсіресе, басшылардың жұмысын анықтау ол статистикалық мәліметтерге байланысты. Осы мәліметтерге назар аудару қажет. Екіншіден, сол өңірдегі саяси-қоғамдық жағдай, халықтың тұрмысы ескерілген жөн. Осының барлығы негізделсе, онда мен бұл рейтингті дұрыс деп айтамын».

Оның пайымынша, өткізілген шаралармен немесе көптеген кездесулер өткізу арқылы басшылардың рейтингін бағалау дұрыс емес.


«Рейтингтің бір пайдасына тоқталатын болсақ, қалай дегенмен де намысқа тырысасың. Жан жағыңа қарап, жақсы жұмыс көрсеткің келеді. Осы орайда рейтинг жұмысқа қосымша демеу береді. Бұл тұрғыда оның пайдасы бар», — деді Б. Сапарбаев.