Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, биылғы жылдың қыркүйек айында мемлекет басшысы үкімет құрылымындағы кезекті реформалар туралы мәлімдеген. Осы жаңалауға сәйкес, кедендік бақылау агенттігі қайта құрылып, қаржы министрлігінің құрамына қамтылды.
Б.Сапарбаев 51 жаста. Алматы халықшаруашылығы институтын бітірген. ҚазақССР қаржы министрлігі жүйесінде жұмыс істеген. 1994-1995-жылдарда ҚР үкіметінің аппаратында жұмыс істеді. 1995-1999-жылдарда Қызылорда облысының әкімі болды. 1999 бен 2002-жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігін басқарды. 2002-жылдан бері ҚР кедендік бақылау агенттігінің төрағасы қызметін атқарады.