Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды.

  • 11 Ақпан 2020
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Ол вице-премьер қызметінен босатылды. Бұл қызметте 2019 жылдың тамызынан бері болған еді. 

Бұған дейін өңір әкімі Асқар Мырзахметовтің қызметінен кеткені хабарланған болатын. 

Сапарбаев түрлі уақытта министрлер кабинеті аппаратының басшысы, Қызылорда облысының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, қаржы вице-министрі қызметтерін атқарған еді. 2009 жылдың 4 наурызынан 2014 жылдың 11 қарашасына дейін Шығыс Қазақстан облысын басқарған. 2014 жылы 11 қарашада Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалған. Ал 2015 жылы қыркүйекте Ақтөбе облысының әкімі қызметіне кіріскен. 

2019 жылы ақпанда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып, бұл қызметте жарты жылдай жұмыс істеген. 


Соңғы жаңалықтар