Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы мерейтойлардың жоспарланып отырғанын ата өткен болатын. «Ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түсуге зор септігін тигізеді. Биыл әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады. Сонымен қатар тарихшылардың пайымдауынша, Жошы ұлысының іргесі қаланғанына – 800 жыл. Мемлекеттілігіміздің тамыры тым тереңде жатқанын әйгілейтін осы айтулы датаға орай кең ауқымды зерттеулер қолға алынады».
«Жазып та көрдім мен де өлең,
Жазып та көрдім қара сөз.
Ерте ме, кеш пе мен де өлем,
Өлмейді тек дана сөз», деп жазған Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл.
Ал, еліміздің бірқатар өңірлерінде үлкен кештер мен кездесулер өткізілуде. Солардың бірі, Қарағанды қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық драма театрында Бердібек Соқпақбаевтың 100 жыл толуына Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдаструымен ауқымды кеш өткізілді, деп жазды Caravan.kz медиа порталының тілшісі.
«Менің атым Қожа» фильмінде басты рөлді сомдаған актер Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Санжар қарағандылық көрермендермен жүздесті. Бұл тарихи кездесу жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды. Халықаралық КААН фестивалі арнайы сыйлыққа ие болған фильмде Қожа бейнесін келістіре сомдаған актермен әсерлі кездесу болды, деді кеш ұйымдастырушысы.
«Менің атым Қожа» фильмі әр отбасының, әр қазақ баласының көңілінде жатталып қалған қазақ киносының жауһарына айналған туынды. Бұл кино бүкіл қазақ киносы сапында алғашқы халықаралық марапатқа лайықталған. 1967 жылы халықаралық КААН кино фестивальінде арнайы сыйлықты иемденген тарихи кино. Сол кинода 12 жасында Қожа бейнесін сомдаған Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Нұрлан Санжар бүгінде 70-ті алқымдаған сценарист. Сәкен театрында ұйымдастырылған кездесуде Нұрлан Санжарға Арқа жер атынан сый-құрмет көрсетіліп, тарту таралғы жасаған.
Кездесуге келген Нұрлан Санжар, «Менің атым Қожа» рөлін сомдаған актер, сценарист:
— Кинодағы Қожада косманавт боламын деп, армандады. Ол дұрыс емес. Ал, кітапта жазушы болсам деген арман болды. Сол Бердібек ақын армандап, маған тиді. Мен де жазушы боламын деп оқу бітіріп, кинодрамтург болдым. 10 шақты кином бар.
Нұрлан Санжар «Аллажар», «Оралман» деген және тағы басқа да онға жуық киноның сценариін жазған. Онымен қоса, жазушының «Ангелочек», «Красный снег» сынды тағы бірқатар танымал повестері, романдары бар. Жазушы көптеген ғылыми еңбектердің де авторы. Бала кезінен актер емес, жазушы болуды армандаған Нұрлан Санжар балалық ісі, еркіндігі бар нағыз қазақ баласының образын сомдады. Және ол рөлді ерекше әсерлі шығарғаны сөзсіз. Фильмде бала есімінің Қожа деп аталуының да өзіндік себебі бар.
—Бердібек аға бұл есімге мынадай ой салды. Мынау қазақтың байтақ жерінің қожайыны қара домалақ бала деді. Идея сонда, деп актер баланың есімінің де аталуына жазыушының өте үлкен мән берген.
Қазір 70-тен асқанмын. Балалар қарап шошитын еді. «Ойбай, мынау кім?»деп. Енді Қожа да адамның баласы. Қартайды, солай өмір өтеді. Қожамыз кинода жас болса да, қазір қартайды.
Кеш барысында жазушы фильмге түсу барысындағы оқиғаларды еске алып, фильмге түсуге келісім берінің себебі, «Сабақтан босатыласың!» деген режиссердің бір сөзі болғанын жымия еске алды.
Мені «сабаққа төрт ай бойы қатыспайсың» деген сөз арбап алды. Бірақ, соңында өзім бесінші сыныпты екі рет оқып шығатынымды кім білген?..», – деп жиналғандарды ду күлдірді Нұрлан Санжар.
Кездесу барысында фильм түсіріліміне қатысты көптеген қызықты жайттарды бала Қожа өзі айтып берді. Әсерлі кеште «Мен Қожадан аумайын баламын» облыстық фестивалінің қорытындысы бойынша Қожаға ұқсас бала атанған жеткіншектерді ортаға шығарып, Қожа кейпіндегі балаларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Балалар әдебиетінің классигиі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілді
Қазақ әдебиетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті жазушының мерейтойы халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымында тойланды.
Түркия елінің астанасы Анкарада балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың есімі ұлықталды. Биыл жазушының туғанына ғасыр толды. Айтулы дата ЮНЕСКО көлемінде атап өтілді. Түрік астанасында өткен шарада Бердібек Соқпақбаевтың түрік тіліне аударылған шығармалары таныстырырылып, көрме ұйымдастырылды.
Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев:
—Балалар әдебиетін үлкен бәйтерек деп алсақ, сол бәйтеректің күре тамыры Бердібек Соқпақбаев деп айтар едім. Өйткені, оның шығармасынан нәр алып өспеген бала жоқтың қасы. Бүгінде оны еібектеген баладан еңкейген қарияға дейін бәрі жақсы таниды, сүйіп оқиды. 7 жасынан жетім қалып, анасынан айырылыған жазушы өлеңнен прозаға ауысты. Сол екі қасиет біріге келе, сценарий жазатын деңгейге жетті.
Сонымен қатар, елімізде ұйымдастырылған арнайы кештердің бірі Бердібек Соқпақбаевтың туған жері Алматы облысы, Райымбек ауданында жаңа фильмнің тұсауы кесілді. Кеште жазушының жеке мұрағатынан қалған заттардан көрме таныстырылды.
Бердібек Соқпақбаевтың жазу машинкасы да сақталған. Онымен «Менің атым Қожа», «Өлгендер қайтып келмейді», «Балалақ шаққа саяхат» сынды ұлы туындылар дүниеге әкелген. Мұрағатта жазушының жеке қолданған заттары мен классикалық үлгіде киген киімі де сақталған.
Мерекелік кештің екінші бөлімі «Бердібек ауылына саяхат» фильмінің тұсаукесерімен жалғасты. Туынды авторлары Райымбек ауданынан шыққан азаматтар. Фильмнің режиссеры жазушының жерлесі, өнер саласының майталманы — Сержан Молдасан.
—Жазушының шығармасы арқылы бұл жерді көргісі келетін, бұл жердің табиғатына көз суарғысы келетін қаншама оқырман бар. Дегенмен әрқайсысының мүмкіндігі келе бермейді. Сол мақсатта сапалы дүниені ұсына алсақ. Фильмді арнайы ютуб каналымызға жүктейміз, деді режиссер.
«Жаза да, жазғанда да түбін түсіріп бір-ақ тоқтайды. Бердібектің шырайы Бердібекке ғана тән», деп Сайын Мұратбеков айтқандай, ғасырлар өтсе де оның бейнесі мен өміршең туындылары ешқашан ұмытылмайды.
Бердібек Соқпақбаев — балалар әдебиетінің бәйтерегіне айналған жазушы. Оның әлемнің 68 тіліне аударылған «Менің атым Қожа» туындысын көрмеген, «Балалық шаққа саяхат» туындысын оымаған, «Өлгендер қайтып келмейді» романын білмейтіндер саусақпен санарлық.
Бердібек Соқпақбаевтың еңбек жолы мен туындылары
Бердібек Ыдырысұлы 1924 жылы 15- қазанда Алматы облысының Қостөбе ауылында дүниеге келген. Белгілі балалар жазушысы. Албан тайпасы Құрман руының Беснайза тармағынан тарайды. • 1949 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген. • Еңбек жолын туған өлкесі Нарынқол ауданында мұғалімдіктен бастады. • «Жұлдыз» журналында жұмыс істеген. • «Балдырған» журналында қызмет атқарады. • Қазақстан Жазушылар одағында түрлі жұмыстар істеді. (1952-70). Шығармалары • «Бұлақ» (1950) өлеңдер жинағы • «Он алты жасар чемпион» (1951) • «Бақыт жолы» (1952) • «Алыстағы ауылда» (1953) • «Балалық шаққа саяхат» (1960). «Балалық шаққа саяхат» атты повесі бойынша жазылған киносценарийі де фильмге түсірілді (1965). • «Дала жұлдызы» (1960) • «Аяжан» (1963, орыс тілінде 1965) • «Гауһар» (1966) повестерін жазды. • «Менің атым Қожа повесі» кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, әлемнің көптеген тілдерін тәржімаланды. 1963 жылы «Қазақфильм» студиясы аталған шығарманың желісі бойынша кино түсірді. «Менің атым Қожа» фильмі францияда өткен жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде арнайы сыйлыққа ие болды. • «Бозтөбеде бір қыз бар» (1958) • «Әпенденің айласы» (1960) • «Менің атым Қожа» (1967) т. б. драмалық шығармалар жазды. • Б.Соқпақбаевтың қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен жазған «Өлгендер қайтып келмейді» романы орыс тіліне аударылып басылды.
2024 жылғы мерейтойлар:
Сонымен қатар, елімізде биыл халық ақыны, күміс көмей әнші әрі композитор Кенен Әзірбаевтың туғанына — 140 жыл.
Осы жылы қазақ халық музыкасын зерделеп, қағазға түсіріп, ұлттық ән өнеріміздің басын құраған этнограф Александр Затаевичтің 155 жылдық мерейтойы.
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері — Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллиннің туғанына — 130 жыл.
Жазушы, публицист, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдық мерейлі датасы осы жылға тұспа-тұс келіп тұр.
Сондай-ақ, 2024 жылы қажырлы қайраткер Тұрар Рысқұловтың да туғанына 130 жыл болады.
Археологиялық және этнографиялық зерттеуші, ғалым Әлкей Марғұланның, қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби суретші, кескіндемеші Әбілхан Қастеевтің туғанына биыл — 120 жыл.