"Беретін шығар": СҚО әкімі көп алдында үй кілтін табыстаған Еслямоваға баспанасын әлі бермеген - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Беретін шығар": СҚО әкімі көп алдында үй кілтін табыстаған Еслямоваға баспанасын әлі бермеген

"Беретін шығар": СҚО әкімі көп алдында үй кілтін табыстаған Еслямоваға баспанасын әлі бермеген

СҚО әкімі уәде еткен пәтерді әлі алған жоқпын – Самал Еслямова

  • 20 Желтоқсан 2019
  • 25
Фото - Caravan.kz


Бұл жөнінде актриса Azattyq Rýhy тілшісіне берген сұхбатында айтты.

2018 жылдың мамыр айында киноактриса, 71-ші Канн фестиваліндегі «Үздік әйел рөлі» номинациясының жеңімпазы Самал Еслямоваға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов  үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстағанын бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазған болатын. Салтанатты жиынға актрисаның ата-анасы, ұстаздары, туған туыстары мен Петропавл қаласындағы мәдениет орындарының басшылығы шақырылған еді. Арада бір жарым жылдан артық уақыт өтсе де, шенеуніктің уәде еткен баспанасы Самалға әлі берілмеген.