Б.Имашев 1960-жылы Алматыда туған. Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген, заңгер. Түрлі жылдарда ҚР бас прокуратурасында, шағын бизнесті қолдау агенттігінде істеді. «Казкоммерцбанк» басқарамалары төрағасының орынбасары, ҚР мемлекеттік мүлік комитеті төрағасының орынбасары, шағын бизнесті дамыту мәселелері бойынша президенттің көмекшісі болған.
ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігін басқарды.
2005 жылғы мамырға дейін Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысының орынбасары болды.
2005-жылғы 18-қазанда Б.Имашев Қазақстан президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті