ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли ШҚО әкімі болып тағайындалды деген ақпарат тарады.
Бұл туралы Әсет Әссанди Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады, — деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
"СҮЙІНШІ ХАБАР КӨП КҮТТІРМЕДІ!
Күні кеше Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли облыс әкімі болсын деген тілегімізді білдірген едік – сол тілегімізді Алла естіп қойды ма, Президент естіп қойды ма: бауырымыз әкім болып тағайындалды! Бірақ Ұлытау облысына емес, Шығыс Қазақстан облысына әкім болды!
Берік-бауырымызды шын жүректен құттықтай отырып, жаңа Қазақстанды құру жолында көптеген жетістіктерге қол жеткізуіне тілектестік білдіреміз", — деп жазды Әсет Әссанди.
Дегенмен бұл ақпаратты Ақорда баспасөз қызметі жоққа шығарды.
"Ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл фейк" , — деп жауап берді Ақорданың баспасөз қызметі.