Берлинде Марат Бисенғалиевтің концерті өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Берлинде Марат Бисенғалиевтің концерті өтті

Берлинде Марат Бисенғалиевтің концерті өтті

Жексенбінің кешінде Берлин филармониясында қазақстандық скрипкашы, халықаралық сыйлықтың лауреаты,

  • 19 Қазан 2015
  • 349
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Марат Бисенғалиевтің жеке концерті өтті.

Сахна майталманы бас дирижер Лиор Шамбадалдың басқаруындағы Берлиннің симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті.

Неміс жұртшылығы классикалық музыканы сүйсіне тыңдап, М. Брух, И. Брамс, сондай-ақ өзіміздің жерлесіміз Мұқан Төлебаев сынды композиторлардың шығармаларына жоғары баға берді.

«Абай» және «Шәкәрім» сюиталарына ұзақ қол соқты. Бұл туындылардың авторы — британдық композитор, Британия империясының даңқ орденінің командоры Карл Дженкинс.

Ағылшын маэстросы бұл туындыларды жазар алдында қолға алмақ ісіне өте жоғары жауапкершілікпен қарап, көшпенділердің өмірімен, мәдениетімен танысу үшін, қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен танысу үшін елімізге арнайы келгені баршаға мәлім.