Берлинде Қазақстандағы этникалық немістердің өмірін талқыламақ
Берлинде 6 -желтоқсан күні Қазақстандағы этникалық немістердің өмірі жөніндегі қазақстандық-германдық үкіметаралық комиссияның 10-шы отырысы өтпек. |
Комиссияның қазақстандық жағына сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков, герман жағына - ІІМ парламенттік статс-хатшысы, федералды үкіметтің аз ұлттардың істері жөніндегі өкілі Кристоф Бергнер жетекшілік етпек, деп хабарлады жұмада СІМ баспасөз хатшысы Ілияс Омаров.
Оның деректеріне қарағанда, отырыс шеңберінде тараптар мәдени-гуманитарлық, білім беру, әлеуметтік салаларда жүзеге асырылған шаралардың нәтижелерін талқыламақ.
Отырыстың нәтижелері бойынша екіжақты коммюникеге қол қою көзделген, деді І.Омаров.
"Біздің елдер Қазақстандағы неміс диаспорасы мен Германиядағы қазақстандық немістердің Қазақстан мен ФГР арасында " жанды көпір" рөлін атқаруды жалғастыруына мүдделі", деді баспасөз хатшысы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін