Берлинде ҚР президентінің неміс тілінде жарық көрген "Сындарлы он жыл" кітабының тұсаукесері өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Берлинде ҚР президентінің неміс тілінде жарық көрген "Сындарлы он жыл" кітабының тұсаукесері өтті

Берлинде ҚР президентінің неміс тілінде жарық көрген "Сындарлы он жыл" кітабының тұсаукесері өтті

Берлиндегі сыртқы саясат жөніндегі қоғамда ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың неміс тілінде басылған "Сындарлы он жыл" кітабының тұсаукесері өтті.

  • 2 Желтоқсан 2003
  • 1395
Фото - Caravan.kz

Бұл шара Герман Федеративтік Республикасындағы Қазақстан елшілігі мен сыртқы саясат жөніндегі герман қоғамының бастамасымен ұйымдастырылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

Тұсаукесерге Германия сыртқы істер министрлігі, экономика және еңбек, қаржы, ішкі істер министрліктерінің жетекшілері мен көптеген неміс іскерлік топтарының, қоғамдардың, дипломатиялық корпустардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Әбусейітов 2001 жылғы қыркүйектің 11-інен кейінгі Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері деген тақырыпта баяндама жасады.
Тұсаукесерге қатысушылардың пікірінше, неміс тілінде шығарылған Қазақстан президентінің «Сындарлы он жыл» кітабы германиялық оқушыларды Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатымен, біздің еліміздің халықаралық лаңкестікке және діни экстремизммен күреске қосқан үлесімен тереңірек таныстыруға және тәуелсіздік жылдары Қазақстанда жүргізілген тарихи маңызды қайта құру шараларын пайымдауға мүмкіндік береді.
Берлинге сапары барысында Қ.Әбусейітов Германия Социал-Демократиялық партиясының Германия Бундестагындағы фракциясы төрағасының орынбасары Гэрнот Эрлермен, Германия Федералдық сыртқы істер министрі К.Шариотпен, Германия-Қазақстан қоғамының құрметті президенті Г.Д.Геншермен кездесулер өткізді. Келіссөздер барысында келелі халықаралық мәселелер, қазақстан-герман қатынасының қазіргі жағдайы және Германия канцлері Герхард Шредердің алдағы Қазақстан сапарына байланысты мәселелер талқыланды.

Соңғы жаңалықтар