Жарияланды: 460

Берлиннің Гумбольдт ат. унивеситетінде «Қазақстан және қазақ тілі» лектораты ашылды

Берлиннің Гумбольдтат. университетінде «Қазақстан және қазақ тілі»лектораты ашылды, ол Қазақстан Республикасымен жақынырақ танысып, қазақ тілін меңгеруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Лектораттың ашылуы неміс және шетелдік студенттерге қазақ тілін оқу арқылы Қазақстанды, оның бай мәдениеті мен тарихын танып-білуге бірегей мүмкіндік береді. Бұл жоба қазақстандық-германиялық қатынастардың дамуына, Қазақстан Республикасын Германияда насихаттауға үлес қосты»,- делінген бейсенбі күні таратылған ақпаратта. «Лектораттың Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында ашылуы Батыс Еуропадағы алғашқы және бірегей жоба болып табылады», - деді елші Нұрлан Оңжанов салтанатты рәсімге қатысушыларға. Өз кезегінде Гумбольдт университетінің вице-президенті, профессор Михаэль Кемпер ван ден Боогаарт «лектораттың ашылуы білім мен ғылым саласындағы кең көлемді ынтымақтастыққа жол ашады» деді. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, лекторатта оқитындардың қатарында Орталық Азиядан келген студенттер мен ғылыми зерттеушілер бар. Берлиннің Гумбольдтат. университеті– Еуропадағы көне оқу орындарының бірі. Мұнда әлемнің 100-ден аса елдерінен 36 мың студент білім алады. Ол 1809 жылы ағалы-інілі Вильгельм және Александр Гумбольдтардың бастамасымен құрылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін