Берлускони 2013 жылы қайтадан премьер болуға талпынбайды
Италия министрлер кеңесінің төрағасы Сильвио Берлускони өз қызметінде 2013 жылғы парламенттік сайлауға ғана дейін қалғысы келетіндігін айтты. |
Жұмада "Репуббликадағы" сұхбатында ол сайлауға кандидатурасын ұсынбайтындығын айтты. "Оң центристер атынан премьер орнына кандидат Альфано ( Анджелино Альфано - әділет министрі -ИФ) болады. Шамам келгенде, орнымнан қазір-ақ кетер едім", деді С.Берлускони.
С.Берлусконидің айтуынша, оны Италия президенті болу да қызықтырмайды. "Бұл мен атқаратын шаруа емес", деді ол.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін