Жарияланды: 400

Берлускони бұрынғы әйеліне күніне 100 мың еуро төлейтін болды

Милан соты үш жылға созылған Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони мен оның жұбайы Вероника Ларио арасындағы ажырасу ісінде үкім шығарды.

Енді С. Берлускони бұрынғы әйеліне айына 3 млн. еуро немесе күніне 100 мың еуро төлеп тұратын болды, деп жазады жергілікті Corriere della Sera газеті. Ал Берлускониға Макериодағы €78 миллион тұратын вилла қалды, деп хабарлайды Утро.ру. Сильвио Вероникамен 1980 жылы танысқан, бұл оның екінші некесі болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін