Жарияланды: 320

Берлускони бұрынғы зайыбына күн сайын 200 мың еуро төлейтін болды

Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони оның бұрынғы зайыбына алимент мөлшері туралы шешімді қабылдаған сот төрешілерін «үш феминист әйел және коммунист әйел» деп атады,

деп жазады La Repubblica. «Миландық сот төрешілері менің артымнан 94 жылдан бері қалмауда. Бұл күніне 100 мың емес, 200 мың», - деп назаланды Берлускони. Сот шешіміне сәйкес, Берлускони өзінің бұрынғы зайыбы Вероника Лариоға бұрын хабарланғандай күніне 100 мың еуро емес, 200 мың еуро төлейді. Ларио болса 3,5 миллион еуро көлеміндегі ай сайынғы алиментті талап етті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін