Бермуд үштігінде жоғалған қала табылды
Бермуд үштігінде канадалық ғалымдар су астында қалған қаланы анықтады. Зерттеушілердің пікіріне қарағанда, олар әйгілі Атлантиданың ізін тапқан, |
деп хабарлады Prensa Latina.
Пол Вайнцвайг пен Полина Залицкидің басшылығымен зерттеушілер тобы су астында жүзе алатын роботтың көмегімен қаланың аңғарларын тапқан. Ол Кубаның шығыс жағалауынан 700 метр солтүстікке қарай орналасқан. Су астында түсірілген суреттер теңіздің түбінде алып ғимараттардың болғанын айқын көрсетеді.
Құрылыстың ішінде 4 үлкен пирамида бар, олардың біреуі шыныдан жасалған. Сондай-ақ сфинкс пен бірнеше мүсіндер табылды. Ғалымдардың пайымдауынша, қала үнді өркениеті кезінде шамамен 1,5-2 мың жыл бұрын салынған. Олар бұл қаланы көне грек тарихшы Платон жазған Атлантиданың болуы да мүмкін екенін айтуда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін