Бернд Шторк: Қазақстан футбол федерациясынан жылы сезіммен кетіп барам - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бернд Шторк: Қазақстан футбол федерациясынан жылы сезіммен кетіп барам

Бернд Шторк: Қазақстан футбол федерациясынан жылы сезіммен кетіп барам

Ұлттық құраманың соңғы ойындарынан кейін Қазақстан футболындағы ілгерілеушілік айқындала түсті. Оны Бас бапкер Бернд Шторк бүгін Алматыда 2012 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчтардың қорытындысы туралы баспасөз мәслихатында айтты.

  • 15 Қазан 2010
  • 618
Фото - Caravan.kz


«Алға қарай айтарлықтай қадам жасалды. Бапкер ретінде меніңше, Бельгия, Германия құрамаларымен өткен кездесулер үздік ойындар болды. Мен әрине, Атқару комитетінің шешімімен келісем. 4 матчтан 3 ұпай жинау туралы салмақты міндет жүктелді. Бізге ең құрығанда 1 ұпай жинауға сәл-пәл сәттілік жетпеді. Әсіресе Австралиямен болған ойында. 2,5 жылдық қызметте құрама ойынында айтарлықтай ілгерілеушіліктер байқалды», дейді Бернд Шторк. Неміс маманының айтуынша, ол бұл командамен жұмыс істегенін мақтан тұтады. Команда мүшелері мен ҚР Футбол федерациясы ұжымына да айтар алғысы өте зор. ҚР Футбол федерациясының вице-президенттері тарту еткен ұлттық шапанды киіп тұрып, «енді нағыз қазақ болдым» деген Б. Шторк таяудағы күндері Берлинге оралмақ. Бірақ Қазақстанға деген сағынышты сезімін әрдайым жүрегінде сақтайтын болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера