Бес елдің басшылары Каспийді өзара ұтымды пайдалану туралы Келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бес елдің басшылары Каспийді өзара ұтымды пайдалану туралы Келісімге қол қойды

Бес елдің басшылары Каспийді өзара ұтымды пайдалану туралы Келісімге қол қойды

Бүгін Астрахань қаласында (Ресей Федерациясы) Каспий маңы мемлекеттері Президенттерінің Төртінші саммиті барысында Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы Келісімге қол қойылды. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Қыркүйек 2014
  • 432
Фото - Caravan.kz


Рационалды пайдаланумен қатар, құжат бірлескен Су биологиялық ресурстарын басқару принциптерін реттеп, Каспий теңізінде бекіре балық түрлеріне коммерциялық аулауына мораторий жүргізу механизмін анықтайды.

Сондай-ақ, Келісім шеңберінде Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Иран және Түркменстан елдерінің президенттері биоресурстарды сақтау бойынша өзара келісілген шараларды қабылдау және әзірлеу бойынша комиссиясына тиісті өкілеттіктермен қоса оған үкіметаралық мәртебе беру туралы тапсырмасы іске асырылды. Тараптардың  Комиссия биоресурстарды сақтау мақсатында Каспий теңізінің мекендейтін ортасын жақсарту, жасанды көбейту арқылы табиғи көбеюіне жол беру және заңсыз аулаудың алдын алу тәрізді келісілген шаралар қабылдауы күтілуде.