Бес мыңнан астам экономикалық қылмыстың 90 пайызы «көлеңкелі» салаға жатады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бес мыңнан астам экономикалық қылмыстың 90 пайызы «көлеңкелі» салаға жатады

Бес мыңнан астам экономикалық қылмыстың 90 пайызы «көлеңкелі» салаға жатады

Бүгін Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) төрағасы Р.Түсіпбеков

  • 12 Қараша 2012
  • 364
Фото - Caravan.kz

қаржы полициясы органдарының басшылық құрамымен аппараттық кеңес отырысын өткізді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім етті.

Агенттіктің тарихында алғаш рет онлайн режимінде аумақтық бөлімшелермен бейне-конференция байланысы пайдаланылды.

Жарты жыл бұрын агенттіктің жанынан құрылған Ситуациялық орталықтың ақпараттық-талдау жұмысына және ведомствоның «көлеңкелі» экономикаға қарсы тұру бойынша жұмысына аралық қорытындылар жасалды.

Жыл басынан бері агенттіктің негізгі күші «көлеңкелі» экономика саласындағы қылмыстық іс-әрекеттерді анықтау мен оның жолын кесуге бағытталды. Мұндай қылмыстарға жалған кәсіпкерлік, бюджеттен қосымша құн салығын қайтарудың алаяқтық схемалары, мұнай және алкогольдік өнімдердің «көлеңкелі» айналымы, заңсыз ойын бизнесі, жалған ақша жасау және т.б. жатады.

Қаржы полициясы органдарымен ағымдағы жылғы 9 айда 5110 экономикалық қылмыс анықталып, олардың 90%-ы «көлеңкелі» экономикаға жатады. Осындай қылмыстарды анықтау өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есеге дейін артқан.

Есептік кезеңде 1 млрд.теңгеден астам ақшалай қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру үстінде 35 ұстау жүзеге асырылды.

Заңсыз айналымнан номиналды құны 29,8 млн. теңгені құрайтын 6 мың данаға жуық жалған ақша алынды. Жалған ақша жасаумен айналысқан 14 астыртын цехтің қызметі әшкереленді.

Есепке алынбаған арақ-шарап өнімдерін жасаумен айналысқан зауыттардың заңсыз қызметінің 4 дерегі анықталып, спирттік ішімдіктерді қолдан жасаумен айналысқан 10 астыртын цехтың қызметі әшкереленді. 3 млрд. теңгеден астам соманың 6 млн. астам шөлмек ескерілмеген алкогольдік өнімі және 4,3 млн. жасанды есепке алу-бақылау маркалары алынды.

Заңсыз ойын бизнесі қызметінің жолын кесу жұмыстарын жандандыру нәтижесінде 4 мыңнан астам ойын автоматы, 63 рулетка, 98 покерлік үстел және жалпы сомасы 22 млн. теңгеден астам ақшалай қаражат алынды.

Нөлдік ставкамен салықтанатын айналымдар бойынша бюджеттен қосымша құн салығын заңсыз қайтару саласында қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың мөлшері 1,5 млрд. теңгені құрап отыр.

Қаржы полициясы органдарының қызметі осындай қылмыстардың алдын алуға бағытталғанын Р. Түсіпбеков атап өтті. Осы мақсатта агенттікте қылмыс жасауға жоғары бейім салаларды талдау және анықтаумен айналысатын Ситуациялық орталық құрылды.

Осы құрылым криминогендік жағдайдың талдауы негізінде «көлеңкелі» экономика саласына бейім субъектілердің аумақтық паспорттарын жасады. Олар экономикалық қылмыстарды анықтауға кеңінен қолданылады.

Ведомство басшысы аумақтық департаменттердің басшыларына қаржы полициясы органдарының «көлеңкелі» экономикаға қарсы тұру жұмысының нәтижелі болуын жетілдіру бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар