Бес қап депутат немесе саяси өлік - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бес қап депутат немесе саяси өлік

Бес қап депутат немесе саяси өлік


Депутаттардың қылықтарына күлкім келеді. Парламентке алғаш сайланып келгенде олар өздерін керемет тұлғаға айналғандай сезініп, шікірейіп, бес қап боп жүреді. Парламентте ресми тіркелген 400-ден астам БАҚ өкілі, журналистер бар. Кезекті отырыстан соң Мәжіліс залынан шыға келгенде қаптаған журналист микрофон ұсынып, камералары мен фотоаппараттары сартылдап, синхрон, сұхбат алуға даяр тұрады. Жаңадан депутат болғандар алғашында оларға көз қырын да салмайды. Бірлі-жарым сауал тастаса, «уақытым жоқ» деп өп-өтірік маңғаздана қалады, бірдеме тындырып тастағандай.

  • 9 Қыркүйек 2016
  • 655
Фото - Caravan.kz

Мұндай пікірді Қуандық Шамахайұлы әлеуметтік желіде жазып қалдырыпты.

Алайда, олардың мұндай тірліктері алысқа бармайды. Кейін журналистер де оларға қырын қарап, еселерін әбден қайтарады. Парламент жұмысы қыза түсіп, біршама уақыт өткеннен кейін әлгі бес қап болып жүргендер жуасып қалады. Ондай депутаттар залдан шыға салып, жаутаң-жаутаң қағып, БАҚ өкілдеріне қарағыштап, жүрісін баяулатып бара жатқанын көресің. Әсіресе, «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Хабар» агенттігі, «Егемен Қазастан», «Заң газеті», «Айқынның» тілшілерінің қасынан өткенде жалынышты кейіппен үміттене көз тастайды. Өз кезегінде, енді, журналистер оларды пысқырмай қояды. Себебі, ондай депутаттардың айтар ештеңесі жоқ екенін отырыстардан байқап біліп алған. Отырыстарда жөні түзу пікір айтпаған, үкіметке батыл түрде сауал жолдамаған депутаттарға үйіндегі қатын, бала-шағасы да маза бермейтін болса керек. «Пәлен деген депутатты теледидардан күнде көрсетеді. Ал, сен жоқсың, көрінбейсің» дегендей.

Негізі, халыққа жағу үшін әу бастан БАҚ-қа жақын болуды, депутат деген ЖОҒАРЫ ЛАУАЗЫМДЫҚ МӘНСАП ЕМЕС, «көптің бірі, бірдеменің кірі» екенін дер кезінде түсінбеген депутат осылайша «саяси өлік» болып сессияны қалай бастаса, ақыры сол күйі аяқтайды.