Бес жастағы Карина көмекке мұқтаж! - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бес жастағы Карина көмекке мұқтаж!

Бес жастағы Карина көмекке мұқтаж!

Бес жастағы Карина көмекке мұқтаж! Анемияның ауыр түріне шалдыққан бүлдіршін күрделі операцияға әзірленуде. Ем-домның құны – 38 млн теңге.

  • 8 Маусым 2011
  • 352
Фото - Caravan.kz

Каринаға осыдан бірнеше жыл бұрын қан ауруы диагнозы қойылған. Былтыр тамызда дәрігерлер қыздың сүйек майын ауыстыру керек деген шешім шығарған. Мұндай күрделі операция Ресейде жасалып жүр. Ата-ана бар дүниесін сатып, Мәскеуге жол тартқан. Алғашқы операция сәтті өтіп, қыздың денсаулығы біраз жақсарып қалғандай еді. Бірақ жарты жыл өтпей,дерт қайта асқыныпты. Енді Израильге барып, сүйек майын тағы ауыстыру қажет. Ем-дом құны өте қымбат. Сондықтан кішкентай Каринаның ата-анасы мейірімді жандар бейжай қалмайды деген үмітте. Қызға қол ұшын созғысы келетіндер төменде көрсетілген телефонға хабарласа алады.


Зарина Мингалеева
, Каринаның анасы:

Қайырымды жандар көмек берсе дейміз. Біздің басқа барар жеріміз қалмады. Қолдағы барымызды саттық, сонда да жетер емес.

 

Байланыс телефоны: +7 777 221 01 38

Соңғы жаңалықтар