Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Сонымен қатар, ақын ес-түсін білмей жатқан кезінде, әлемге танылған Димашпен әлемдік концертте жүргенін айтты.
«Жоспарланған операция. Бес жерден тесіп жақсы өткен. Асқазан ауырып жүргеніне екі жыл болды. Барлық анализдер жақсы шығып, отадан соң тұрып, үйге қайтқанмын. Ішек спайка болған тілу керек әйтпесе болмайды деді. Ары қарай білмеймін. Комаға түсіп өң мен түстің ортасында Димаш Құдайбергенмен мировой концерттерде жүрдім. Иә, анық көрінеді. Жиырма күнге жуык ес түссіз жатқанымды көрген достар бәріне дайын тұрды. Алланың қалауы ғой 99/1 пайыз ғана үміт бар. Дайын болыңыздар деген екен.
Бұл тақырыпты осы постпен жабамын. Жаман күндер артта қалды. Бір дертке шипа іздегенімде Алла ауыр көтере алатын сынақ беріп, он дертімнен айықтырды. Ішекті жуғызды бірнеше рет, асқазанның жарасын да, артығын да кесті. Қан да тазарды, ұйқы бездер орнына келді. Қан қысымы мүлде жоғалды. Әр қиындықтың артында хайырлы үлкен жеңілдігімен қуаныштары бар деп тегін айтпаған.
Өзіме емес көзіме Құнды сөзіме мән бер Халқым.Мен сіздермен сондай бақыттымын», деп жазды.
«Қазақтың бір туар қызысыз», «Аман бол, ақын қыз», деп оқырмандары амандық-саулық тіледі.