Бес жылда ауылшаруашылығының ІЖӨ көлеміндегі үлесі 3,2% төмендеді- вице-премьер - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бес жылда ауылшаруашылығының ІЖӨ көлеміндегі  үлесі 3,2% төмендеді- вице-премьер

Бес жылда ауылшаруашылығының ІЖӨ көлеміндегі үлесі 3,2% төмендеді- вице-премьер

АСТАНА. 13 ақпан. Kazakhstan Today. Ауылшаруашылық саласын мемлекет тарапынан қаржыландыру ұлғайғанға қарамастан, ауылшаруашылығының ІЖӨ көлеміндегі үлесі 3,2% кеміген. Бұл жөнінде бүгін үкімет отырысында үкімет басшысының орынбасары - экономика және бюджетті жоспарлау министрі Аслан Мусин мәлімдеді.

  • 13 Ақпан 2007
  • 378
Фото - Caravan.kz



«Жыл сайын мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың ұлғайып отырғанына қарамастан, елдің ауылшаруашылығы саласы өте баяу дамып жатыр»,-деді А.Мусин. «Соңғы бес жылдағы өндіріс көлемі небәрі 20,7 % өсті. Оның ішінде ауылшаруашылығының ІЖӨ көлеміндегі үлесі 8,7 пайыздан 5,5 пайызға дейін төмендеді»,-деді ол.

Вице-премьер министрдің мәліметінше, соңғы бес жылда «осы салаға берілген тікелей несие 15 есеге -1 млрд теңгеден 15 млрд теңгеге дейін ұлғайды». Алайда, ауылшаруашылығын дамытуға жеке инвестиция өсіп отырған жоқ.