Youtube желісінде шешендіктер арасында дәл осындай сауалнама өтті, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Қазақстанда тұрған шешен азаматы оларға қазақтардың қалай көмектескенін айтып берді.
"Қазақстандағы қазақтар өте мейірімді халық. Шешен екенімді айтқан кезде аты Ашу ма, Ашат па есімде емес. Исламға берік, ораза ұстайтын, намаз оқитын жігіт болатын. Қажет кезде қой сойып, бешбармақ дайындап, қонақжайлықты барынша көрсететін. Біз Семейде, Павлодарда тұрдық. Қайда барсақ та жақсы адамдар болатын", — деді тұрғындардың бірі.
Ал тағы бір шешен азаматы қазақтар шешендіктер кеңес дәуірі кезінде қалай көмектескенін еске алды.
"1944 жылы шешендерді Қазақ еліне депортация жасаған кезде біздерді өз халқындай, өз адамындай қарсы алды. Бірі ұйықтауға мүмкіндік берсе, ал бірі тамақ беріп көмектесті. Олар бізді солай қарсы алды. Олар бірінші кезекте мұсылмандар, олардың өз халқы бар. Олар сол кезде бізді қолдап, бізге көмектесті. Бауырлық қарым-қатынас, басқа ештеңе айта алмаймын", — деді шешендік азамат.