Бесландағы лаңкестік әрекеттерден зардап шеккен балалар Алматыда сауықтыру мақсатындағы емдеуден өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бесландағы лаңкестік әрекеттерден зардап шеккен балалар Алматыда сауықтыру мақсатындағы емдеуден өтеді

Бесландағы лаңкестік әрекеттерден зардап шеккен балалар Алматыда сауықтыру мақсатындағы емдеуден өтеді

Бесланда №1 мектептегі лаңкестік әрекеттерден зардап шеккен балалар Алматыда сауықтыру мақсатындағы емдеуден өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Бөбек" қорынан хабарлады.

  • 22 Қазан 2004
  • 473
Фото - Caravan.kz

Бесландық өкілдер қазанның 23-інен 24-іне қараған түні Алматыға ұшып келеді. Өкілдер құрамына 40 адам қамтылған. Олардың арасында мектеп жасына дейінгі 5 бала (ең кішісі 2 жаста), мектеп жасындағы 18 бала мен бірнеше студенттер бар. Балалар мен жасөспірімдер негізінен отбасыларымен келмекші. Қонақтар тізімінде әр отбасында 2-6 адамнан 11 отбасы бар.

Бесландық бейкүнә сәбилерді Алматыда сауықтыру мақсатындағы емдеуден өтуге
«Бөбек» қорының төрайымы Сара Назарбаева шақырған. Балалар Ұлттық «Бөбек» орталығында орналасады.
Сауықтыру шарасы 24 күнге есептелген. Балалар жанға жайлы коттедждерге жайғастырылып, тіс және ЛОР қызметі, физиотерапия, сумен емдеу, сауна, бассейн, массаж, емдік денешынықтыру, психологиялық сауықтыруға арналған бірегей сенсорлық бөлмелерде емдеуден өтеді. Олар үшін қызғылықты мәдени бағдарлама да ескерілген. Бесландық балалар мұражайлар, көрмелер мен театрларды аралап, концерттерді тамашалап, қаладағы таңдаулы жерлермен танысады.
Былтыр Ұлттық «Бөбек» орталығында жер сілкінісінен зардап шеккен Жамбылдық 500 бала реабилитациялық емдеуден өтті.

Перейти к новостям спорта