«Бесобаны» салған құрылыс компаниялары әкімдік шығынын өтеп беруге міндеттелді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бесобаны» салған құрылыс компаниялары әкімдік шығынын өтеп беруге міндеттелді

 Қарағандының қазыбек би аудандық №2 соты алақол құрылыс компанияларын әкімдік шығынын өтеп беруге міндеттеді.
           «Сервиспромснаб», «Дженерал Петросервисез», «SAD», «Столичная недвижимость Караганда» ЖШС, «Столичная недвижимость» АҚ, «НС Дизайн» ЖШС, «КарСтройЭкспертиза» және «Дар-Строй» ЖШС «Бесоба» кешеніндегі үйлерді сапасыз салды деп айыпталып, сот шешімі бойынша 90 млн теңгеге жуық өтемақы төлеуі тиіс. Бұл туралы дүйсенбідегі брифингте соттың баспасөз хатшысы Зәуреш Ыбыраева мәлім етті.
           2012 жылдың 1-сәуірінде «Бесоба» кешеніндегі №7 үйде іргетасынан шатырына дейін қалыңдығы 10-15 сантиметрлік жарық пайда болған-ды. Ғимарат шөге бастаған соң, әкімдік келесі күні тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді. 6-сәуір күні таңертең үйдің 5-8-ші подъездері опырылып түсті. Салдарынан ондаған пәтер иелері баспанасыз қалған-ды.
           Апат себептерін тексерген мемлекеттік комиссия «Бесобадағы» үйлердің бәрін сапасыз салынған және құрылыс барысында негізгі талаптар сақталмаған деп тапты.

  • 23 Қыркүйек 2013
  • 538
Фото - Caravan.kz