Өнер иесінің аянышты күйі қазақстандықтардың аяушылығын туғызды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Арман Қайназаровтың көше кезген видеосы әсіресе қызыордалықтардың жанына батқан. Олар өнер иесіне қолдау көрсетіп, оны түзу жолға салуға ниеттеніп отыр.
Армайн Қайназаровтың өзі болса өмірінде орын алған жағдайларды былай деп еске алады:
«Қыдырәлі Болманов, Қарақат, Ұлықпан Жолдасовқа бір-бір ән шығарып бердім. Абай Бегейге «Аңсағаным» деген ән шығарып бердім. Қызылорда облысы Қазалы ауданы туған жерім, руым әлім», — дейді.