Өзара «тұз», «меф», «жылдамдық» дейтін химиялық қоспаға қол жеткізу үшін тұтынушылар ешкімнен және ештеңеден қаймықпайды. Мысалы, Нұр-Сұлтанның оң жағалауындағы шағын ғана көшеде бір жылдан бері күні-түні белгісіз біреулер алдын ала тығылған есірткіні іздеп, тұрғындарға маза бермей келеді. «Тұз» ,«меф» пен «жылдамдық» деген не?
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Аталмыш көшенің тұрғындары әбден шошынған. Өйткені соңғы бір жылда бет-аузын тұмшалаған белгісіз жандар он шақты үйдің ауласына көптеп келетін болыпты. Тұрғындар күдік тудырғандар құр емес, есірткі іздейтіндеріне сенімді. Полицияға бір-екі рет осындай жандарды ұстап та берген. Нәтиже жоқ. Сондықтан өздерінің аты-жөні мен көшені атамауын сұрады.
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Әлі күнге дейін сондай түсініксіз адамдардың белгісіз заттарды іздеп жүргенін түнде көріп жатамыз. Сондықтан әлі нәтижесін көріп жатқан жоқпыз. Бір жылдың көлемінде бірнеше үйге ұрылар түсті».
Материалды дайындау барысында «тұз», «меф», «жылдамдық» деген сөздердің мән-мағынасын анықтадық. Сөйтсек, олар біз үйренген ас тұзы, не физика пәніндегі жылдамдық емес, синтетикалық есірткінің атаулары екен. Сондай-ақ зиянды заттар интернет арқылы саудаланады. Тұтынушы мен сатушы еш кездеспей, біріншісі ақшасын автомат арқылы төлейді, ал екіншісі алдын ала үй, тас, ағаш астына есірткі тыққан жерді айтады екен.
Есірткі саудасымен айналысатындар осындай жасырын жарнама арқылы тауарларын, химиялық қоспаларын сатады. Міне мына жерде «Телеграмм» деп жазылған. Яғни әлеуметтік желі. Ал, екінші жазуда «айқұлақ», екінші бөлігі сөйлемінің осы арнаның атауы. Қуанышқа орай, осы дүниені түсінген адамдар желінің атауын өшіріп кеткен.
Осындай сілтемелерді көріп, біз де химиялық есірткіге қол жеткізу қаншалықты оңай екенін анықтадық. Шынын айтайық, жағамызды ұстадық.
Көшедегі сілтемелерді көрдік. Арналардың біріне кіреміз. Кірдік. Өкінішке қарай, есірткі сатып алу үшін барлық жағдай жасалған. 20 шақты түрі бар. Соның біреуін сатып алуға тырысайық.
Хат жаздық. Қорытындысы мынау.
Біз жауапты күттік. Бірақ арна иесі жауап берген жоқ. Материалды дайындау барысында есірткі сататындардың арасында жазылмаған қағида бар екен естідік. Ол өзің күдіктенетін, сырттан келген, мен сияқты адам жазатын болса, оған жауап бермеу. Және ортада бір делдал болуы керек. Демек, бізге сенбеді ме, шыныменде күдіктенді ме, әйтеуір жауап берген жоқ. Өкінішке қарай».
3 мыңнан артық қолдаушысы бар арнада химиялық есірткіге қалай әуестенгені, оның сапасы қандай, қалай елерткендігі туралы да оқуға болады. Соның бірін мынау.
«Мен неге бұған әуестендім? Мен Алматыда жалғызбын. Ешкіммен хабарласпаймын. Жұмыста да сол. Адамдармен сөйлеспегеніме, қыдырмағаныма көп болды. Ешкімім жоқ. Сондықтан осы арна менің жақыныма айналды».
Нұр-Сұлтандық құзырлы органдағылар жыл сайын аталмыш химиялық қоспаны қолданатындарды көптеп ұстайтындарын жасырмайды. Жалпы жыл басынан бері елордалық полицейлер 52 келі есіртікі тәркілеген. Оның 18-і синтетикалық. Қылмыстық жауапқа 422 адам тартылған. Олардың жас шамасы — 18 ден 25 аралығында.