Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
NewTimes.kz агенттігінің мәліметінше, мұндай құқық бұзушылық алғаш рет тіркелсе, азаматқа ескерту беріледі. Ал бір жыл ішінде қайта қайталанса, 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады. 2026 жылы бұл сома 43 250 теңгені құрайды.
Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-3-бабына сәйкес, 2026 жылдың 2 наурызынан бастап қоғамдық орындарда адамның жүзін тануға кедергі келтіретін киім мен басқа да заттарды киюге тыйым салынған.
Полиция қызметкерлері азаматтарды заң талаптарын сақтауға және қоғамдық тәртіпті құрметтеуге шақырды.
Бұған дейін Қазақстанда 12 наурыздан бастап еңбек шарттарында қателік жіберген жұмыс берушілерге де айыппұл салынатыны белгілі болған еді.