Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Әнші жантүршігерлік деректердің бетін ашты.
«Қытайдан келген қандас бауырлармен көп араласамын… Олардың, әсіресе қыз балаға берген тәрбиелеріне сүйсініп жүремін(үй шаруасына, ата — анаға құрмет, еңбекқорлығына) Осы аптада, бір сұмдықтың көзі ашылды, мынау фотодағы тұрған небәрі 21 жастағы, КИМЭП-те оқитын аруды 8-9 ай бұрын, Қытайда туып өскен қытай азаматшалары (қазақтың қыздары) қинап, қорлап, тонап, ұрып, 7-ші қабаттан лақтырып жіберген… Обал-ай…
Күдікті қыздардың жасы — 20-да , біреуі — 24-те…. Ал , Ақнәрдің анасы әділдік іздеп сабылуда …. Өйткені , қылмыстық істі суйцид деп саралап отыр біздің құққық қорғаушылар …… Енді менің ойым — бойжеткен қыздарыңыздың қандай құрбысы бар, қандай ортада араласып жүр, соның бәрін қадағалап отыру керек! Бишимбаев, Салтанат марқұмды қалай қинап өлтірсе, Ақнәрді де солай қинаған құрбылары… Ашық сотты талап етеміз!!! Халық олардың бет — жүздерін әлбетте көру керек !!! Беттері тілінсін бетпақтардың», — деп айтты ол.