Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Заңға сәйкес, бетті толықтай жауып, адамды визуалды тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салынады. Олардың қатарына:
- балаклавалар;
- медициналық емес маскалар;
- никабтар және басқа да бетті бүркейтін киімдер жатады.
Алайда бұл талап келесі жағдайларда қолданылмайды:
- ауа райы қолайсыздығына байланысты;
- медициналық көрсетілімдер кезінде;
- қызметтік немесе еңбек міндеттерін орындау барысында;
- азаматтық қорғау қажеттілігінде;
- спорттық, мәдени немесе бұқаралық іс-шараларға қатысу кезінде.
Сонымен бірге, бетті жаппайтын діни киімдер (хиджаб, шейла, химар, әл-амира және ұқсас элементтер) аталған нормаға жатпайды.
Полиция аталған шара азаматтардың құқықтары мен діни сенім бостандығына шектеу қоймайтынын, тек қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.